«Дене шынықтыру және спорт мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламалық кешенінде жұмыс істеу кезіндегі дербес деректердің құпиялылығы және өңдеу саясаты

1. Жалпы ережелер

1.1. «Дене шынықтыру және спорт мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламалық кешенінің құпиялылық және дербес деректерін өңдеу саясаты (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты) бағдарламалық кешенге енгізілетін дербес деректерді өңдеу тәртібін, шарттарын айқындайды және пайдаланушылардың дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді.

1.2. Осы Құпиялылық саясатында келесі терминдер мен қысқартулар қолданылады:

Осы Саясатта пайдаланылатын барлық өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі.

1.3. Бағдарламалық кешендегі жеке деректерді өңдеу төменде көрсетілген құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1.4. Пайдаланушының бағдарламалық кешенді пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және пайдаланушының жеке деректерін өңдеу шарттарымен келісуді білдіреді.

1.5. Саясат барлық келушілерге қатысты болып табылады және бағдарламалық кешенді тіркеу және пайдалану кезінде пайдаланушылар ұсынған дербес деректерге қатысты қолданылады.

 

2. Дербес деректердің құпиялылығы

2.1. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері және (немесе) операторлар және (немесе) иеленушілер, сондай-ақ үшінші тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

2.2. Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

2.3. «Дене шынықтыру және спорт мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламалық кешені келесі дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырады:

 

Спортшылар
ЖСН
Фото
Аты-жөні
Туған күні және жері
Жынысы
Ұлты
Білімі туралы ақпарат
Спорт түрі және дисциплина
Әлеуметтік мәртебесі
Жеке куәліктің/паспорттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді)
Тұрғылықты мекенжайы
Телефондары (байланыс және мобильді)
Антропометриялық деректер (бойы, салмағы, киімнің/аяқ киімнің/бас киімнің өлшемдері)
Ата-аналар/қамқоршылар/заңды өкілдер туралы мәліметтер (аты-жөні, жұмыс орны, ұялы және байланыс телефонының нөмірлері)
Медициналық карточкадан алынған физикалық даму деректері
Нормативтерді тапсыру нәтижелері
Жаттықтырушылар
ЖСН
Фото
Аты-жөні
Берілген спорттық /құрметті атақтар туралы ақпарат
Жұмысқа қабылдау күні
Жұмыс өтілі
Біліктілікті арттырудан/курстардан/оқытудан өткені туралы құжаттың нөмірі мен күні
Біліктілік беру туралы бұйрықтардың нөмірі мен күні
Пайдаланушылар (спорт ұйымдарының қызметкерлері)
ЖСН
Аты-жөні
Мекенжайы
Мобильді телефон нөмірі
Жүйедегі логині
Пайдаланушылар (порталға және мобильді қосымшаға қол жеткізу)
ЖСН
Аты-жөні
Мобильді телефон нөмірі

 

3. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары

3.1. Дербес деректер келесі мақсаттарда жиналады және өңделеді:

3.1.1. пайдаланушыны сәйкестендіру үшін;

3.1.2. жаттықтырушылар мен спортшылардың карточкаларын жүргізуді автоматтандыру;

3.1.3. дербес ақпаратты дұрыс енгізу;

3.1.4. спортшылар мен жаттықтырушылар бойынша тарихи деректерді жүргізу және жұмыстағы есепке алу;

3.1.5. Пайдаланушыға (спортшыға, оның ішінде ата-анасына/қамқоршысына) «Дене шынықтыру және спорт мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламалық кешенінде қамтылған ол туралы деректерге қол жеткізуді ұсыну;

3.1.6. портал мен мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы өзге де қызметтер мен сервистерді ұсыну;

3.1.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарда.

 

4. Үшінші тұлғалардың дербес деректерге қол жеткізуі

4.1. Пайдаланушының дербес деректері келесі жағдайларда үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін:

4.1.1. егер дербес деректерді беру мемлекеттік қызмет пен сервисті ұсыну үшін қажет болса;

4.1.2. егер пайдаланушы өз деректерін үшінші тұлғаларға беруді жүзеге асыруға келісім берсе;

4.1.3. Егер дербес деректерді беру қолданыстағы заңнамада қарастырылған болса.

 

5. Дербес деректерді пайдалану

5.1. Дербес деректерді пайдалануды меншік иесі, оператор және үшінші тұлға оларды жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттары үшін ғана жүзеге асыруға тиіс.

 

6. Дербес деректерді тарату

6.1. Дербес деректерді таратуға, егер бұл ретте субъектінің құқықтары мен бостандықтары бұзылмаса, сондай-ақ өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса, жол беріледі.

6.2. Дербес деректерді жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттары шеңберінен шығатын жағдайларда оларды тарату субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.

 

7. Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыру

Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға міндетті:

7.1. меншік иесінің және (немесе) оператордың және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын, оның ішінде дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптарды сақтауына ішкі бақылауды жүзеге асыруға;

7.2. иеленушінің, меншік иесінің және (немесе) оператордың қызметкерлеріне дербес деректерді өңдеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының ережелерін, дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптарды жеткізу;

7.3. субъектілердің немесе олардың заңды өкілдерінің өтініштерін қабылдау мен өңдеуге бақылауды жүзеге асыру.